Жалпы 24.06.2026

«UWW ережесін білу формальдылық емес, бүгінгі қажеттілік» – Игорь Лигай

«UWW ережесін білу формальдылық емес, бүгінгі қажеттілік» – Игорь Лигай
← Артқа — Жаңалықтар

Конгресс аясында UWW рефери-нұсқаушысы, халықаралық 1S категориясындағы төреші Игорь Лигай грек-рим, еркін және әйелдер күресіндегі төрешілік мәселелеріне тоқталды.

«Қазіргі күресте ереже жиі жаңарып отырады. Ал ережедегі әр өзгеріс белдесудің тактикасына, әдісті бағалауға, ескерту мен жазалау жүйесіне және соңғы нәтижеге тікелей әсер етеді. Сондықтан UWW ережесін білу – формальдылық емес, нақты қажеттілік.

Бүгінде спортшының жоғары физикалық дайындығы ғана жеткіліксіз. Бапкер де, балуан да белдесу кезінде қандай әрекетке ұпай берілетінін, қандай жағдайда ескерту жасалатынын, челленджді қашан қолдану керегін жақсы түсінуі керек. Бұл жарыс кезіндегі артық дау-дамайды азайтып, нәтижеге дұрыс әсер ететін фактор.

Осы мақсатта ұлттық құрамалар үшін оқу-жаттығу жиындары кезінде семинарлар мен практикалық сабақтар өткізіліп келеді. Онда ережедегі өзгерістер түсіндіріліп, жарыстарда жиі кездесетін қателіктер мен даулы эпизодтар талданады. Мұндай жұмыс төрешілер мен бапкерлердің арасындағы түсініспеушілікті азайтып, спортшылардың белдесуді тактикалық тұрғыда сауатты жүргізуіне мүмкіндік береді. Ережені жақсы білетін команда шешуші сәтте де дұрыс шешім қабылдай алады», – деді Игорь Лигай.

Бөлісу