← Басшылық
Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы

БАСШЫЛЫҚ

Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы

Вице-президент

Биография

Сабыржан Мырзахметұлы – қазақстандық спорт қайраткері, кәсіпкер, меценат және қоғам белсендісі. 

Ол Ordabasy Group корпорациясы Бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. Кәсіпкерлік жолында Қазақстанда және жақын шетел елдерінде құрылыс және сауда салаларында бірқатар кәсіпорындардың негізін қалап, Алматы мен Шымкент қалаларында тұрғын үй және өндірістік нысандардың салынуына атсалысқан.

Сабыржан Зайнидинов меценаттық қызметімен де танылған. Алматы қаласында жас кәсіпкерлерге менторлық қолдау көрсетіп, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып келеді. Спортқа жанашырлығы мен жүйелі қолдауы үшін 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Жылдың үздік спорт жанашыры» атағына ие болды.