Тұрлыханов Дәулет Болатұлы
Тұрлыханов Дәулет Болатұлы
Меркежан Қосаев, Александр Лебедев, Геннадий Сапунов
Жетістіктері
ІІ орын – Олимпиада ойындары, грек-рим күресі, 74 кг, Сеул, 1988 жыл
ІІІ орын – Олимпиада ойындары, грек-рим күресі, 82 кг, Барселона, 1992 жыл
І орын – Әлем чемпионаты, грек-рим күресі, 1989 жыл
ІІ орын – Әлем чемпионаты, грек-рим күресі, 1993 жыл
І орын – Еуропа чемпионаты, 1995 жыл
І орын – Азия чемпионаты, 1995 жыл
КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы
КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Өмірбаян
Дәулет Болатұлы Тұрлыханов – грек-рим күресінен Қазақстан және Кеңес Одағы күрес мектебінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, Әлем чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа және Азия чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Дәулет Тұрлыханов үш Олимпиадаға қатысып, екі Олимпиадада жүлде жеңіп алды. Спорттық мансабынан кейін де ол күрес саласының дамуына басшылық, ұйымдастырушылық және бапкерлік бағытта үлес қосты.