Еркін күрес 13.07.2026

Еркін күрес балуандарының қоржынында 12 медаль!

Еркін күрес балуандарының қоржынында 12 медаль!
← Артқа — Жаңалықтар

Мадрид қаласында өткен «Испания Гран-приі – 2026» халықаралық турнирінде Қазақстанның еркін күрес құрамасы сәтті өнер көрсетті.

Ұлттық құрама еркін күрестен 4 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жарысты жалпы 12 жүлдемен қорытындылады.

Қазақстан құрамасы сапында Ерасыл Мұхтарұлы 57 келіге дейінгі салмақта, Нұрлыбек Базарбаев 61 келіде, Жанқожа Әбілтаев 70 келіде және Нұржан Исағалиев 92 келіде чемпион атанды.

Сондай-ақ Дәулет Әмірханов, Мұхамед Балғабай, Акбар Курбанов, Шерхан Әбіл және Тимур Оразбаев күміс жүлдегер атанса, Жанболат Қабиден, Талап Жолдасов және Арсен Қабден қола медаль иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

І орын – Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг)
І орын – Нұрлыбек Базарбаев (61 кг)
І орын – Жанқожа Әбілтаев (70 кг)
І орын – Нұржан Исағалиев (92 кг)

ІІ орын – Дәулет Әмірханов (57 кг)
ІІ орын – Мұхамед Балғабай (61 кг)
ІІ орын – Акбар Курбанов (65 кг)
ІІ орын – Шерхан Әбіл (70 кг)
ІІ орын – Тимур Оразбаев (79 кг)

ІІІ орын – Жанболат Қабиден (70 кг)
ІІІ орын – Талап Жолдасов (70 кг)
ІІІ орын – Арсен Қабден (74 кг)

Әйелдер күресінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түсті. Өкінішке қарай, қос балуан жарысты жүлдесіз аяқтады.

Осылайша, Қазақстанның еркін күрес құрамасы Испания Гран-приін 12 медальмен қорытындылады.

Бөлісу