Қазақстанның еркін күрестен жастар құрамасы (U20) алдағы Азия чемпионатына дайындық аясында Ресей Федерациясының Кисловодск қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Жаттығу процесіне Қазақстан мен Ресей құрамаларынан жалпы саны 70-ке жуық балуан қатысуда. Бірлескен жиын барысында спортшылар техникалық-тактикалық дайындықтарын жетілдіріп, спаррингтік кездесулер арқылы халықаралық деңгейдегі бәсекеге бейімделуде.
Аталған оқу-жаттығу жиыны Азия чемпионатына дайындықтың екінші кезеңі болып саналады. Дайындықтың қорытынды, үшінші кезеңі Алматы қаласында өтеді. Осыдан кейін қазақстандық балуандар маусым айының соңында Таиландта басталатын жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысу үшін жолға шығады.
Бапкерлер штабының мәліметінше, қазіргі таңда дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Бірлескен оқу-жаттығу жиындары спортшылардың шеберлігін арттырып, құрлықтық дода алдындағы бәсекелік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Жастар арасындағы Азия чемпионаты маусым айының соңында Таиландта өтіп, құрлықтың үздік жас балуандары бас қосады.
Еркін күрес
03.06.2026
Қазақстанның U20 жастар құрамасы Азия чемпионатына дайындықты Кисловодскіде жалғастыруда
Соңғы жаңалықтар
Еркін күрес
Еркін күрес балуандарының қоржынында 12 медаль!
13.07.2026
Еркін күрес
U15 еркін күрес балуандары Азия чемпионатын тоғыз медальмен аяқтады
30.06.2026
Еркін күрес
Қазақстан құрамасы Ulaanbaatar Open турнирінің соңғы күнінде бес медаль жеңіп алды
07.06.2026
Еркін күрес
Қазақстандық еркін күрес балуандары U17 Азия чемпионатының соңғы күні төрт медаль жеңіп алды
01.06.2026