Жалпы 28.07.2026

ЕРКІН ОҚАСОВ АЗИЯ ҮЗДІКТЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫН ТАБЫСТАДЫ

ЕРКІН ОҚАСОВ АЗИЯ ҮЗДІКТЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ СЕРТИФИКАТЫН ТАБЫСТАДЫ
← Артқа — Жаңалықтар

Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Федерация басшысы Тайландтың Паттайя қаласында өткен U15 және U20 арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленген еркін күрестен U20 құрамасының спортшылары мен бапкерлерін құттықтады. Төраға құрлық біріншілігінде ел намысын абыроймен қорғаған құрамаға Қазақстан күрес федерациясы атынан 5 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сертификатты табыстады.

Жұмыс сапары аясында Федерация төрағасы «Алматау» спорт кешенінде болып, нысанның материалдық-техникалық базасымен және жас балуандарға жасалған жаттығу жағдайымен танысты. Сондай-ақ Еркін Қадырғалиұлы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін U17 арасындағы Әлем чемпионатына дайындалып жатқан грек-рим күресінен Қазақстан құрамасымен кездесті.

Федерация төрағасы құрама спортшылары мен бапкерлеріне алдағы Әлем чемпионатында сәттілік тілеп, Федерация тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Бөлісу