Венгрия астанасында өткен Имре Поляк, Янош Варга және Иштван Козма мемориалы мәресіне жетті. United World Wrestling күнтізбесіндегі маусымның қорытынды рейтингтік турнирінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль иеленді.
Еркін күрестен Асыл Айтақын мен Едіге Қасымбек чемпион атанса, Нұрқожа Қайпанов күміс жүлдеге ие болды. Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай, Әділет Әлмұхамедов және Начын Куулар қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс, Зейнеп Баянова қола жүлдегер атанды.
Грек-рим күресінде Ернұр Фидахметов күміс медаль иеленсе, Исхар Құрбаев пен Дін Қошқар үшінші орыннан көрінді.
Осылайша, ұлттық құраманың қорытынды нәтижесі 12 медаль болды.
Жүлдегерлер:
І орын – Асыл Айтақын (61 кг)
І орын – Едіге Қасымбек (125 кг)
ІІ орын – Нұрқожа Қайпанов (74 кг)
ІІ орын – Жәмила Бақбергенова (72 кг)
ІІ орын – Ернұр Фидахметов (60 кг)
ІІІ орын – Нұрданат Айтанов (57 кг)
ІІІ орын – Мейрамбек Қартбай (57 кг)
ІІІ орын – Әділет Әлмұхамедов (61 кг)
ІІІ орын – Начын Куулар (65 кг)
ІІІ орын – Зейнеп Баянова (50 кг)
ІІІ орын – Дінмұхамед Қошқар (67 кг)
ІІІ орын – Исхар Құрбаев (55 кг)