Жалпы 19.07.2026

БҮГІН БУДАПЕШТТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 9 ГРЕК-РИМ БАЛУАНЫ БОЗКІЛЕМГЕ ШЫҒАДЫ

БҮГІН БУДАПЕШТТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 9 ГРЕК-РИМ БАЛУАНЫ БОЗКІЛЕМГЕ ШЫҒАДЫ
← Артқа — Жаңалықтар

Бүгін Имре Поляк, Янош Варга және Иштван Козма мемориалы аясындағы рейтингтік турнирде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының 9 балуаны бозкілемге шығады.

Грек-рим күресі:
55 кг – Алпамыс Дастанбек, Исхар Құрбаев, Марлан Мұқашев
60 кг – Ербол Камалиев, Ернұр Фидахметов
82 кг – Демеу Жадыраев
97 кг – Ислам Евлоев
130 кг – Әлімхан Сыздықов, Олжас Сырлыбай

Айта кетсек, халықаралық рейтингтік турнирдің 15–18 шілде аралығындағы қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 10 медаль: 2 алтын, 2 күміс және 6 қола жеңіп алды. Оның жетеуі еркін күрестен, екеуі әйелдер күресінен және біреуі грек-рим күресінен тіркелді.

Еркін күресі:
І орын – Асыл Айтақын (61 кг)
І орын – Едіге Қасымбек (125 кг)
ІІ орын – Нұрқожа Қайпанов (74 кг)
ІІІ орын – Мейрамбек Қартбай (57 кг)
ІІІ орын – Нұрданат Айтанов (57 кг)
ІІІ орын – Әділет Әлмұхамедов (61 кг)
ІІІ орын – Начын Куулар (65 кг)

Әйелдер күресі:
ІІ орын – Жәмила Бақбергенова (72 кг)
ІІІ орын – Зейнеп Баянова (50 кг)

Грек-рим күресі:
ІІІ орын – Дінмұхамед Қошқар (67 кг)
 

Бөлісу