Мадрид қаласында өтіп жатқан «Испания Гран-приі – 2026» халықаралық турнирі Қазақстанның грек-рим күресі құрамасы үшін табысты басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде бозкілемге шыққан қазақстандық балуандар жоғары нәтиже көрсетіп, ұлттық құрама қоржынына 13 медаль салды. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 6 қола жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы 168 ұпай жинады. Франция құрамасы 85 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, Швеция 75 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
І орын – Едіге Төлеутаев (55 кг)
І орын – Ілияс Дәуітов (63 кг)
ІІ орын – Айбат Рахим (55 кг)
ІІ орын – Жанболат Сапарбек (60 кг)
ІІ орын – Досжан Өтепқалиев (63 кг)
ІІ орын – Дінмұхамед Омаров (72 кг)
ІІ орын – Әлмір Төлебаев (82 кг)
ІІІ орын – Омар Ахон (60 кг)
ІІІ орын – Шыңғыс Қайрат (63 кг)
ІІІ орын – Николай Хапко (72 кг)
ІІІ орын – Расул Жүніс (77 кг)
ІІІ орын – Санжар Сабитов (82 кг)
ІІІ орын – Аянбек Ибраев (97 кг)
Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресі құрамасы Испания Гран-приінің алғашқы жарыс күнін 13 медальмен және жалпыкомандалық бірінші орынмен қорытындылады.