Әйелдер күресі 03.08.2026

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ BELNEFTEKHIM WOMEN’S CUP ТУРНИРІНДЕ ТӨРТІНШІ ОРЫН АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ BELNEFTEKHIM WOMEN’S CUP ТУРНИРІНДЕ ТӨРТІНШІ ОРЫН АЛДЫ
← Артқа — Жаңалықтар

Беларусьтің Мозырь қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әйелдер күресінен өткен Belneftekhim Women’s Cup – 2026 халықаралық командалық турнирі мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Ресей, Қырғызстан және Беларусьтің екінші командасымен бірге «В» тобында сынға түсіп, қола жүлде үшін белдесуге жолдама алды. 

Үшінші орын үшін кездесуде Қазақстан мен Түркия балуандары бес-бестен жеңіске жетіп, командалық есеп 5:5 болды. Жарыс ережесіне сәйкес, жеңімпаз қосымша көрсеткіш бойынша анықталды. Жіктеу ұпайларының есебінде Түркия құрамасы 22:20 нәтижесімен алға шығып, қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстанның 23 жасқа дейінгі әйелдер құрамасы халықаралық турнирді төртінші орынмен аяқтады.
 

Бөлісу