Вьетнамның Дананг қаласында жастар арасында (U23) күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық додада Қазақстан балуандары 22 медаль жеңіп алды.
Ұлттық құраманың еншісінде жеті алтын, он күміс және бес қола жүлде бар.
Еркін күрес шеберлері төрт алтын медаль иеленді. Азия чемпионы атанғандар: Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін), Майис Алиев (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) және Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін). Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін) және Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Ислам Евлоев (97 келіге дейін) чемпион атанды. Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Алихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңіс (87 келіге дейін) және Джохар Узаров (130 келіге дейін) Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады. Диас Нұраков (63 келіге дейін) пен Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Әйелдер күресінде Қазақстан құрамасына жалғыз алтын медальді Шуғыла Өмірбек (55 келіге дейін) сыйлады. Алтын Шағаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) және Алина Ертөстік (76 келіге дейін) күміс жүлде иеленді. Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін) бен Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Жалпы
26.05.2026
Қазақстан балуандары жастар арасындағы Азия чемпионатын 22 медальмен аяқтады
Соңғы жаңалықтар
Жалпы
Астанада 2026 жылғы күрестен әлем чемпионатына дайындық аясында United World Wrestling өкілдерінің жұмыс сапары өтті
10.07.2026
Жалпы
Венгриядағы рейтингтік турнирде 58 балуан ел намысын қорғайды
07.07.2026
Жалпы
Қазақстан балуандары Паттайядағы Азия чемпионатын 38 медальмен аяқтады
06.07.2026
Жалпы
Қазақстан күрес федерациясы TAISHAN компаниясымен әлем чемпионатына дайындық мәселелерін талқылады
03.07.2026