ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан балуандары жастар арасындағы Азия чемпионатын 22 медальмен аяқтады

26.05.2026 · Жалпы

← Артқа Жаңалықтар
Қазақстан балуандары жастар арасындағы Азия чемпионатын 22 медальмен аяқтады
Вьетнамның Дананг қаласында жастар арасында (U23) күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық додада Қазақстан балуандары 22 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың еншісінде жеті алтын, он күміс және бес қола жүлде бар. Еркін күрес шеберлері төрт алтын медаль иеленді. Азия чемпионы атанғандар: Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін), Майис Алиев (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) және Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін). Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін) және Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Ислам Евлоев (97 келіге дейін) чемпион атанды. Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Алихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңіс (87 келіге дейін) және Джохар Узаров (130 келіге дейін) Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады. Диас Нұраков (63 келіге дейін) пен Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола жүлдегер атанды. Әйелдер күресінде Қазақстан құрамасына жалғыз алтын медальді Шуғыла Өмірбек (55 келіге дейін) сыйлады. Алтын Шағаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) және Алина Ертөстік (76 келіге дейін) күміс жүлде иеленді. Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін) бен Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.