Еркін күрес 01.08.2026

БАҚДӘУЛЕТ АҒАБЕК – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

БАҚДӘУЛЕТ АҒАБЕК – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!
← Артқа — Жаңалықтар

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бақдәулет Ағабек Бакуде өтіп жатқан U17 Әлем чемпионатының финалында Үндістан өкілі Аарьян Аарьянмен белдесті.

Алтын жүлде сарапқа салынған кездесуде қазақстандық балуан қарсыласын 10:0 есебімен жеңіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетсек, Бақдәулет Ағабек жалпы бес белдесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Іріктеу кезеңінде Бақдәулет Тәжікстан өкілі Муслихиддин Ходжиевті 10:0 есебімен техникалық басымдықпен жеңіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
1/8 финалда ол Болгария балуаны Эмир Джеватовті де 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
1/4 финалда қазақстандық балуан Моңғолия өкілі Тэмүүлэн Усухбаярдан небары 36 секундта 10:0 есебімен жеңді.
1/2 финалда Бақдәулетке 2026 жылғы U17 Азия чемпионы Фаррух Махмудовты 7:3 есебімен ұтты.

Бөлісу