Кезекті жарыс күні әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынып, еркін күрес шеберлері де бәсекені бастады.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Майис Алиев чемпион атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды.
Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шагаева (57 келіге дейін) және Тыныс Дубек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 16 медаль бар: төрт алтын, сегіз күміс және төрт қола.
Бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Ислам Евлоев (97 келіге дейін), сондай-ақ әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) Азия чемпионы атанған еді.
Жалпы
26.05.2026
Қазақстан құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль жеңіп алды.
Соңғы жаңалықтар
Жалпы
Астанада 2026 жылғы күрестен әлем чемпионатына дайындық аясында United World Wrestling өкілдерінің жұмыс сапары өтті
10.07.2026
Жалпы
Венгриядағы рейтингтік турнирде 58 балуан ел намысын қорғайды
07.07.2026
Жалпы
Қазақстан балуандары Паттайядағы Азия чемпионатын 38 медальмен аяқтады
06.07.2026
Жалпы
Қазақстан күрес федерациясы TAISHAN компаниясымен әлем чемпионатына дайындық мәселелерін талқылады
03.07.2026