ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль жеңіп алды.

26.05.2026 · Жалпы

← Артқа Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль жеңіп алды.
Кезекті жарыс күні әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынып, еркін күрес шеберлері де бәсекені бастады. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Майис Алиев чемпион атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды. Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шагаева (57 келіге дейін) және Тыныс Дубек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 16 медаль бар: төрт алтын, сегіз күміс және төрт қола. Бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Ислам Евлоев (97 келіге дейін), сондай-ақ әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) Азия чемпионы атанған еді.