Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Жағажай күресінен 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділбек Ерболатов қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Қытай балуанын жеңіп, құрлықтық додадағы жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Әділбек Ерболатов Қазақстан құрамасына кезекті медальді сыйлап, жағажай күресіндегі жоғары деңгейін көрсетті.
Қазақстан күрес федерациясы спортшыны және оның жаттықтырушыларын айтулы жетістікпен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс тілейді.
Жалпы
02.06.2026
Әділбек Ерболатов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Соңғы жаңалықтар
Жалпы
Қазақстан балуандары Будапешттегі рейтингтік турнирде 12 медаль жеңіп алды
23.07.2026
Жалпы
БҮГІН БУДАПЕШТТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 9 ГРЕК-РИМ БАЛУАНЫ БОЗКІЛЕМГЕ ШЫҒАДЫ
19.07.2026
Жалпы
ЕРКІН ОҚАСОВ БУДАПЕШТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА БАЛУАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19.07.2026
Жалпы
ҚАЗАҚСТАН МЕН ВЕНГРИЯНЫҢ КҮРЕС САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КЕҢЕЙДІ
19.07.2026