Грек-рим күресі 02.07.2026

Грек-рим балуандары U20 Азия чемпионатының бірінші күні үш жүлде жеңіп алды

Грек-рим балуандары U20 Азия чемпионатының бірінші күні үш жүлде жеңіп алды
← Артқа — Жаңалықтар

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U15 және U20 Азия чемпионатында грек-рим күресінен U20 санатындағы алғашқы бес салмақ дәрежесінің жеңімпаздары анықталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі күміс және бір қола медаль түсті. Күміс жүлдені 77 келіде Бақдәулет Тұрсынбек пен 87 келіде Әліхан Тағаев жеңіп алды. Ал 55 келіде Амирмұхаммед Кабулов қола медаль иеленді.

U20 Азия чемпионатының грек-рим күресіндегі жүлделер сарапқа салынатын белдесулері 2 шілдеде жалғасады. Ертең 60, 67, 72, 82 және 97 келі салмақ дәрежелерінде Қазақстан құрамасының тағы бес балуаны бозкілемге шығады.

Бөлісу