ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық еркін күрес балуандары U17 Азия чемпионатының соңғы күні төрт медаль жеңіп алды

01.06.2026 · Вольная

← Артқа Жаңалықтар
Қазақстандық еркін күрес балуандары U17 Азия чемпионатының соңғы күні төрт медаль жеңіп алды
Вьетнамның Дананг қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні еркін күрес шеберлері жеті салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақстан құрамасының балуандары барлық салмақта өнер көрсетіп, бесеуі жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мардан Орынбасар Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық балуан финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші белдесуде Өзбекстан өкілі Бекзодбек Иброхимовқа тартысты кездесуде 8:10 есебімен есе жіберді. Қола медальді үш қазақстандық спортшы жеңіп алды. 51 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Рахатов қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын 4:4 есебімен жеңді. 55 келіге дейінгі салмақта Темірғали Мұрат қола медаль иеленді. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея спортшысын 5:1 есебімен ұтты. 92 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Айтуған қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық балуан Моңғолия өкілін 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, жарысты үздік үштікте аяқтады. Ал 110 келіге дейінгі салмақта Сағындық Темірғали қола медаль үшін күресіп, Қырғызстан балуаны Ілияс Такировқа есе жіберді. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасы U17 Азия чемпионатының соңғы жарыс күнін бір күміс және үш қола медальмен қорытындылады.