Жалпы 03.07.2026

Қазақстан күрес федерациясы TAISHAN компаниясымен әлем чемпионатына дайындық мәселелерін талқылады

Қазақстан күрес федерациясы TAISHAN компаниясымен әлем чемпионатына дайындық мәселелерін талқылады
← Артқа — Жаңалықтар

Қазақстан күрес федерациясының өкілдері 2026 жылғы қазан айында Астана қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындық аясында TAISHAN компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әлемдік біріншілікті жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу үшін күрес кілемдерімен және спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету, техникалық талаптарды сақтау және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар халықаралық стандарттарға сай инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, жарысты сапалы ұйымдастыру бағытындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

Бұл кездесу Астанада өтетін Әлем чемпионатына дайындық жұмыстарының маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.

Еске салсақ, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты 24 қазан - 1 қараша күндері Barys Arena мұз айдынында өтеді.

Бөлісу