Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының мойындауына ие болды. Ұйым мамыр айының қорытындысы бойынша қазақстандық балуанды еркін күрестен айдың үздік спортшысы деп таныды.
Мұндай жоғары бағаға Ризабек Вьетнамда өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатындағы сәтті өнерінің арқасында ие болды. Қазақстандық балуан 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Чемпиондық атаққа жету жолында Айтмұхан Қырғызстан өкілі Жагалан Будашаповты 14:4 есебімен, ал Өзбекстан балуаны Отабек Назирбоевты 11:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Финалда қазақстандық балуан үндістандық Лакимен кездесіп, белдесуді мерзімінен бұрын 10:0 есебімен аяқтап, құрлық біріншілігінің алтын медалін иеленді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы. Ол халықаралық аренада жоғары деңгейін дәлелдеуді жалғастырып келеді.
Ризабекті кезекті жетістігімен және UWW тарапынан көрсетілген жоғары бағамен құттықтаймыз!
Еркін күрес
01.06.2026
Ризабек Айтмұхан UWW нұсқасы бойынша айдың үздік еркін күрес шебері атанды
Соңғы жаңалықтар
Еркін күрес
Еркін күрес балуандарының қоржынында 12 медаль!
13.07.2026
Еркін күрес
U15 еркін күрес балуандары Азия чемпионатын тоғыз медальмен аяқтады
30.06.2026
Еркін күрес
Қазақстан құрамасы Ulaanbaatar Open турнирінің соңғы күнінде бес медаль жеңіп алды
07.06.2026
Еркін күрес
Қазақстанның U20 жастар құрамасы Азия чемпионатына дайындықты Кисловодскіде жалғастыруда
03.06.2026