ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан жастар құрамасы Хорватиядағы халықаралық турнирде топ жарды

01.06.2026 · Греко-римская

← Артқа Жаңалықтар
Қазақстан жастар құрамасы Хорватиядағы халықаралық турнирде топ жарды
2026 жылғы 30-31 мамыр күндері Хорватияның Пореч қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға 17 мемлекеттен 135 балуан қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 188 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Қазақстандық балуандар турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 14 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3 алтын, 4 күміс және 7 қола жүлде бар. Алтын медаль иегерлері: Мұсан Ерасыл (55 кг) Бакаев Марлан (72 кг) Әнапия Еркебұлан (82 кг) Күміс медаль иегерлері: Болатұлы Алпамыс (60 кг) Қайрат Шыңғыс (63 кг) Шамил Досбол (67 кг) Рахман Нұрдәулет (82 кг) Қола медаль иегерлері: Сапарбек Жанболат (60 кг) Кертай Диас (63 кг) Қалмағамбет Қазыбек (72 кг) Тагаев Әлихар (87 кг) Ибраиев Аянбек (97 кг) Өтегенов Ұланқандас (130 кг) Казиев Бахтияр (130 кг) Осылайша, Қазақстан құрамасы халықаралық турнирдің жалпыкомандалық есебінде көш бастап, жастар құрамасының жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстандық балуандар мен жаттықтырушылар құрамын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!