ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан құрамасы Ulaanbaatar Open турниріне қатысады

02.06.2026 · Жалпы

← Артқа Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы Ulaanbaatar Open турниріне қатысады
4-7 маусым аралығында Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік Ulaanbaatar Open турнирі өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы да бақ сынайды. Қазақстан құрамасының құрамы Грек-рим күресі 63 кг: Досжан Өтепқалиев, Еркебұлан Ардақов 72 кг: Cұлтан Әсетұлы 97 кг: Нұрасыл Аманалы 130 кг: Олжас Сырлыбай Еркін күрес 57 кг: Абзал Өкенов, Мейрамбек Қартбай, Мерей Базарбаев 61 кг: Асыл Айтақын, Әлмұхаммедов Әділет, Асылжан Есенгелді 65 кг: Аскаров Адлан, Өсімжан Дастанбек 70 кг: Родион Анчугин, Әкімжан Бағдаулет 74 кг: Есенгелді Дархан 79 кг: Таир Шәмсат,Қуанышбай Нұрдаулет 86 кг: Болат Сақаев 92 кг: Азамат Дәулетбеков,Шілдебай Елнар,Аманғали Бекзат 97 кг: Нұрдәулет Бекенов 125 кг: Едіге Қасымбек Әйелдер күресі 50 кг: Марал Таңірбергенова 55 кг: Лаура Әлмағанбетова 57 кг: Нилуфар Раимова 68 кг: Ирина Казюлина 72 кг: Жәмилә Бақбергенова 76 кг: Эльмира Сыздықова, Гүлмарал Еркебаева. Ulaanbaatar Open – халықаралық күнтізбедегі маңызды рейтингтік турнирлердің бірі. Дәстүрлі жарысқа әлемнің жетекші балуандары қатысады. Қазақстандық спортшылар үшін бұл дода маусымдағы басты жарыстар алдындағы маңызды сынақ болмақ.