Вьетнамның Дананг қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда.
Кезекті жарыс күнінде әйелдер күресінің бес салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы сапынан тек Аянат Мейнамбай ғана жүлдегерлер қатарына қосылды. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде Қытай Тайбэйі өкілін 10:0 есебімен айқын басымдылықпен жеңіп, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін иеленді.
Сондай-ақ бүгін еркін күрес шеберлері жарыс жолына шықты. Турнирдің алғашқы күнінде қазақстандық балуандар үш салмақ дәрежесінде сайысқа түсті.
71 келіге дейінгі салмақта Әділет Рысбай Азия чемпионы атанды. Финалда ол жапониялық Тову Доиданы 8:1 есебімен жеңіп, алтын медальді қанжығасына байлады.
80 келіге дейінгі салмақта Әділбек Ерболатов Қазақстан құрамасына тағы бір жүлде сыйлады. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол Тәжікстан балуанын 12:1 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ал 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын Қуанын Жақсылық қорғады. Алайда ол жарыстың бастапқы кезеңдерінде жеңіліп, жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.
Жалпы
30.05.2026
Әділет Рысбай - Азия чемпионы, Аянат Мейнамбай қола жүлдегер атанды
Соңғы жаңалықтар
Жалпы
Қазақстан балуандары Будапешттегі рейтингтік турнирде 12 медаль жеңіп алды
23.07.2026
Жалпы
БҮГІН БУДАПЕШТТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 9 ГРЕК-РИМ БАЛУАНЫ БОЗКІЛЕМГЕ ШЫҒАДЫ
19.07.2026
Жалпы
ЕРКІН ОҚАСОВ БУДАПЕШТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА БАЛУАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19.07.2026
Жалпы
ҚАЗАҚСТАН МЕН ВЕНГРИЯНЫҢ КҮРЕС САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КЕҢЕЙДІ
19.07.2026