17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен Азия чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды. Бұл күні грек-рим күресіндегі соңғы салмақ дәрежелерінің жүлделері сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтижеге Мирас Махамбет қол жеткізді. Ол 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Өзбекстан спортшысын 3:2 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Сонымен қатар, жарыстың кешкі сессиясында тағы екі қазақстандық балуан қола медаль үшін белдесті. 71 келіге дейінгі салмақта Тимур Кусаинов қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды. Ал 80 келіге дейінгі салмақта Әлинұр Төлеуғали де жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады.
Грек-рим күресі
29.05.2026
Мирас Махамбет - Азия чемпионы
Соңғы жаңалықтар
Грек-рим күресі
Қазақстандық U20 балуандары Паттайядағы Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
02.07.2026
Грек-рим күресі
Грек-рим балуандары U20 Азия чемпионатының бірінші күні үш жүлде жеңіп алды
02.07.2026
Грек-рим күресі
Паттайяда Қазақстанның U15 грек-рим балуандары үш алтын алды
30.06.2026
Грек-рим күресі
Нұрасыл Аманалы Ulaanbaatar Open турнирінің күміс жүлдегері атанды
04.06.2026