Вьетнамның Дананг қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жеті салмақ дәрежесінде төрт медаль жеңіп алды.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қуанышбек Жаңажол Азия чемпионы атанып, алтын медаль иеленді.
Ең ауыр салмақ дәрежесінде - 110 келіге дейін Арыстан Темерғали күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда қазақстандық балуан парсы спортшысына жол берді.
Ал 45 келі салмақта Әли Алмас және 48 келіде Датқа Лесбек қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар тағы екі қазақстандық балуан қола жүлде үшін белдесті. 55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі Өзбекстан өкілі Асылбек Каримовке есе жіберсе, 60 келіде Ескендір Бауыржан тәжікстандық спортшыдан жеңілді.
Грек-рим күресі
28.05.2026
Қазақстан балуандары Азия чемпионатының алғашқы күні төрт медаль жеңіп алды
Соңғы жаңалықтар
Грек-рим күресі
«АЛМАТАУДА» БАКУГЕ БАРАТЫН ҚҰРАМНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛУДА
23.07.2026
Грек-рим күресі
Қазақстандық грек-рим балуандары Испания Гран-приінде 13 медаль жеңіп алды
13.07.2026
Грек-рим күресі
Қазақстандық U20 балуандары Паттайядағы Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
02.07.2026
Грек-рим күресі
Грек-рим балуандары U20 Азия чемпионатының бірінші күні үш жүлде жеңіп алды
02.07.2026